• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Пікір 01 Ақпан, 2025

Агроөнеркәсіптік кешенді нығайту айқындалды

50 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаһанда болып жатқан үдерістердің еліміз­ге тигі­зер жағымды да жағымсыз ықпал-әсерлерін айта келе, бізге оларды еңсеретін тиісті стратегия керек­тігі­не назар аударды. Үкіметтің және басқа да құзыр­лы органдардың жақын арадағы негізгі міндеттерін пысықтады.

Инвестиция тарту, туризм, инфрақұрылым және басқа да ел экономикасына серпін беретін салаларды дамытудағы кейбір кедергілерді қолмен қойғандай көрсетіп, оларды шешу жолдарын атап айтып берді. Ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселесіне арнайы тоқталып, негізгі бағыттарын белгіледі.

Бірінші. Өткен жылдың қорытындысында экономика­ның ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі­не айналған аграрлық секторды қолдау үшін 2025 жылы көктемгі дала жұмыстарына кемінде 700 млрд теңге жеңілдетілген несие бөлінеді. Бұл тиімділігі төмен субсидия­лау тәсілінен арылудың басы болмақ.

Екінші. Аграрлық сала көбірек табыс әкелетін дәнді дақылдарды өсіруге көшуді жалғастырады. Өнімді сақтау, терең өңдеу және экспорттау мүмкіндігі артады.

Үшінші. Мал шаруашылығындағы жұқпалы аурулармен күрес, үй жануарларына екпе егу ерекше бақылауда болады.

Төртінші. Ауылды дамытуда инфрақұрылымды жаңғыртуға, бизнесті қолдауға басымдық беріледі. Ол үшін «Ауыл аманаты» мен «Ауыл – ел бесігі» және басқа бағдарламалар бір құжатқа біріктіріледі. Ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмас үшін шалғай елді мекендердегі «Қазпошта» бөлімшелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі.

 

Серік Егізбаев,

Мәжіліс депутаты