• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Пікір 01 Ақпан, 2025

Инфрақұрылымды дамыту – табысты қадам

70 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің түрлі бағытта атқарылып жатқан жұмысына жан-жақты тоқталып өтті. Соның ішінде электрондық сауда-саттық мәселесін қозғап, оның көлемінің артуы біз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деді. Расында, еліміздің аталған саладағы әлеуетін толық пайдаланудың маңыздылығы өте зор.

Логистика жүйесінің дамуы – бизнестің табысты болуы­ның негізгі факторларының бірі. Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорын мен сауда компания­сына тауарларды тиімді әрі уақытында жеткізу – басты мін­дет. Осы тұста «жасыл дәліздер­­дің» тиімді жұмыс атқаруы маңыз­ды рөл атқарады. Егер тасымалдау жүйесі жеңіл­детілсе, шекаралас елдермен саудадағы мүмкіндіктер еселене түсер еді. Сол себепті, инфра­құрылым­ды дамыту – кәсіпкерлер үшін басты қадам.

Сонымен қатар қазіргі заман­ғы технологиялар логис­ти­каны ғана емес, жалпы бизнес-үдерісті оңтайлан­дыру­ға да ықпал етеді. Авто­мат­­тан­дыру, цифрландыру, жасан­ды интеллект сияқты құрал­дар ком­па­нияларға уақыт пен ресурс­­ты үнемдеуге, қызмет көр­­­сету сапасын арттыруға, бә­се­­­кеге қабілеттілікті күшейту­ге мүм­кіндік береді.

Қорыта айтқанда, бұл бағыт­тағы мемлекеттің қолдауы арта түссе, еліміздің экономи­калық бағыт­тағы кәсіпкерлік ортасы жақсарып, кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деген сенімдемін.

 

Олжас Құспеков,

Мәжіліс депутаты