• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Құқық 28 Қаңтар, 2025

Сот үкімі шықты

40 рет
көрсетілді

Алматы қаласының қылмыс­тық істер жөніндегі мамандан­дырылған ауданаралық әкімші­лік сотында «Қаңтар оқиғасы­на» қатысқандарға сот үкімі шықты. Сот барысында қыл­мыс­тар­ға қатысты толық дерек ай­тылып, айыпты деп та­ныл­ған­дардың алды 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов алаңда митинг ұйымдастыруға тапсырма бергені үшін кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға сотталды.

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев 20 жыл арқалады. Оған бірнеше айып қатар тағылған. Соның ішінде А.Жұмагелдиев Қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлап әкеткені айтылған.

Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Есте болса, 2022 жылдың сәуір айында ол Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысты деген күдікпен ұсталған еді.

«Сот анықтағандай, 2016 жылы ҰҚК-ның 5-департаменті басшысының орынбасары Ысқақов ұлттық қауіпсіздік орган­дарының қолдауына кепілдік бере­тінін айтып, А.Жұмагелдиевті серіктестікке көндірген. ҰҚК органда­рының қолдауына ие болған А.Жұмагелдиев Қазақстан мен шетелдердегі қылмыстық ықпалын кеңейту мақсатында қылмыстық ұйым құруға кіріскен. Ол бұрыннан таныс, психологиялық тұрғыдан тұрақты, қылмыстық қудалаудан қорықпайтын және жақсы физикалық дайындығы бар адамдарды тартқан. А.Жұмагелдиевтің қылмыстық ұйымының барлық мүшелері, ұйымдастырушылық, функционалдық және аумақтық негізде топтарға бөлініп, тікелей оған бағынған. 2022 жылы қаңтар оқиғалары кезінде Қ.Құдайберген «Қазақстан» қонақүйінде штаб құрып, оған А.Жұмагелдиевтің тобын шақырды. Осылайша көрсетілген адамдар, қарулы топтың және оларға қосылған басқа адамдардың әрекеттерін басқарған», делінген сот қаулысында.

«Жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деп айыпталған блогер Бердах Бекетов 7 жылға сотталды. Сотта аталған тұлғалардан бөлек қырық адамға үкім шықты. Сотталушылардың тергеу абақтысына қамалған уақытын есептегенде, кейбірінің жазасы өтелген болып есептелді.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар