• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Қаңтар, 2025

Ақтау-Жаңаөзен тасжолындағы жол апатынан бір адам мерт болды

60 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Ақтау-Жаңаөзен тасжолында жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылған, салдарынан 45 жастағы ер адам есін жимай оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиғаға қатысты тергеу басталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

«Құрметті жүргізушілер! Жолда сақ болуларыңызды сұраймыз. Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз», деп ескерті полиция.