• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 18 Қаңтар, 2025

Мемлекет қаржысын жымқырған мектеп директорына қатысты сот үкімі шықты

80 рет
көрсетілді

Айыпталушы өмірбойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарқан аудандық сотының дерегінше, 2024 жылдың 1 наурызынан бастап мектеп директоры Р.-ды кітапханашы және мемлекеттік мекеменің менеджері лауазымына тағайындаған. Наурыздан маусым айына дейін Р. менеджерлігі үшін алатын 40 мың теңге еңбекақысын Б.-ның келінінің шотына аударып отырған. Ал бұл қаражатты Б. өз қажетіне жұмсаған.

– Істі қарау барысында аудан прокуроры мен айыпталушы арасында, жәбірленуші өкілінің келісімімен, ҚР ҚПК-нің 616-бабы тәртібінде кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалды. Сот прокурор ұсынған жаза түрі мен көлемін, айыпталушының жеке басын, келтірілген залалдың өтелгенін, жәбірленуші өкілінің жазаның мөлшеріне қатысты пікірін ескере отырып, Б.-ны Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған ұрланған мүлік құнының 10 есе мөлшерінде 1 900 000 теңге көлемінде айыппұл салу және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындады, – деді Сарқан аудандық соты.