• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Ауа райы 08 Қаңтар, 2025

Боран соғуына байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды

80 рет
көрсетілді

Бүгін түнгі сағат 00.00-де ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі, жел) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz  «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Ақмола облысында:

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін);

«Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығында (Ақсай ауылынан Бұзылық ауылына дейін);

«Жезқазған-Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығында (Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін);

Қостанай облысында:

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-232 шақырым аралығында (Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

«Екатеринбург-Алматы» автожолының 686-729 шақырымы(Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);

Солтүстік Қазақстан облысында:

«Екатеринбург-Алматы» автожолының 729-768 шақырымы (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) жолдар жабық.

Жолдарды 2025 жылғы 9 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар