• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Желтоқсан, 2024

16 отбасы қуанышқа кенелді

32 рет
көрсетілді

Қарасай ауданында ха­лықтың әлеу­мет­тік жа­ғы­нан осал топтарына арналған баспананың кілттері салтанатты түрде табыс етілді. Аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров жаңа қоныс иелерін арнайы құттықтады.

«Жыл басынан бері ауданда 48 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізген еді, енді міне, тағы 16 отбасы баспаналы болды. Бұл – мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтың, әлеумет­тік қолдаудың жарқын үлгісі», – деді Р.Атшабаров.

Пәтер кілтін алған көпбалалы ана Айнұр Смағұлова: «Мен 10 жыл бойы тұр­ғын үй кезегінде тұрдым. 5 бала өсіріп отыр­мын. Тәуелсіздік мерекесі алдын­да ар­манымыз орындалды. Ба­лаларым ендігі жерде өз шаңы­ра­ғында алаңсыз өмір сү­ріп, жақ­сы білім алатын болды. Біз­дің үй алуымызға мүмкіндік жасаған ел азаматтарына риза­шы­­лы­­ғымды білдіреміз», – деп жүрекжарды алғысын жеткізді.

Қарасай ауданында ел игі­лігіне бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақтытта да жалғасын таба бермек.

Соңғы жаңалықтар