• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Есірткі 21 Желтоқсан, 2024

ҰҚК Қостанай облысында ірі есірткі зертханасын анықтады

121 рет
көрсетілді

15 желтоқсанда ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Психотроптық заттарды дайындау кезінде Қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

«Тінту барысында 2 келіге жуық дайын «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.