• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Желтоқсан, 2024

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

101 рет
көрсетілді

Туризм және спорт министрлігі өткен аптадағы спорттық жетістіктер туралы шолу ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокс: Чиангмайда (Таиланд) өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы 10 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлдеге қол жеткізді.

Ауыр атлетика: Бахрейннің бас қаласы Манамада өткен әлем чемпионатында жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс медаль еншіледі.

Теннис: АҚШ-тың Флорида штатында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінде Әмір Омарханов жұптық сында чемпион атанды.

Гандбол: Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Дели (Үндістан) қаласында ұйымдастырылған Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. 

Үстел теннисі: Командалық Вальднер кубогі (Норвегия) турнирінде отандасымыз Кирилл Герасименко Азия құрамасы сапында өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Кәсіпқой бокс: АҚШ-тың Санта-Инезе қаласында өткен Hollywood Fight Nights бокс кешінде Садриддин Ахмедов америкалық боксшы Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) 7-раундта нокаутпен жеңді.