• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Желтоқсан, 2024

6 жасар әлем чемпионына Президент сыйлығы табысталды

113 рет
көрсетілді

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов 6 жасар әлем чемпионы Хадия Құнаевамен кездесіп, Мемлекет басшысының құттықтау хаты мен сыйлығын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Жерлесіміз Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетті. Жастайынан осындай жоғары жетістіктерге жету – табанды еңбектің нәтижесі. Жас спортшыны өзінің әкесі, Sam Team клубының негізін қалаушы Самат Құнаев жаттықтырады», деп жазды Асайын Байханов Instagram-дағы жеке парақшасында.

Өңір әкімінің жазуынша, әкесінің спортпен шұғылдануына омыртқа ауруы себеп болған және табанды жаттығулар арқылы денсаулығын қалпына келтірген. Әкенің үлгісі балаларын шабыттандырып, бүгінде олардың барлығы спорт шеберлері атанған.

Соңғы жаңалықтар