• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс 30 Қараша, 2024

БҚО-да студенттер қатарластарын бопсалаған

Батыс Қазақстан облысында бопсалау күдігі бойынша студенттер тобы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Polisia.kz жазды.

«Полиция қызметкерлері колледждің төрт студентін бопсалау күдігімен ұстады. Тергеу барысында күдіктілердің өз курстастарынан қорқытып ақша талап еткені анықталды», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапқа тарту үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар