• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қараша, 2024

СҚО-да тағы бір ауыл арақ-шараптан бас тартты

104 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғындары екі жыл бұрын ішімдіктен толығымен бас тартқан, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жергілікті полиция мен тұрғындардың айтуынша, содан бері мұнда бірде-бір ауыр немесе аса ауыр қылмыс тіркелмеген, ұрлық пен отбасылық жанжалдар да жоқ.

Мұндағы халықты жергілікті «Дайындық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыспен қамтып отырғанын айта кету керек. Оның директоры Біржан Шаймерденов - ішімдіктен бас тартуды ұсынған бастамашылардың бірі.