• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қараша, 2024

Алматы облысының аумағында жер сілкінді

317 рет
көрсетілді

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық зерттеу институты ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен 10:50-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан.

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында (таулы аймақтар) жер сілкінісі 2 балл болып сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ.