• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 26 Қазан, 2024

Президент Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

411 рет
көрсетілді

28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.

Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.