• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қазан, 2024

Қазан айының басынан бері 100-ден астам пәтер өрті болған

125 рет
көрсетілді

Жыл сайын елімізде 10 мыңнан астам өрт шығып, 300-ден астам адам қаза табады, өрт жағдайларының басым бөлігі тұрғын үй секторында тіркеледі, деп жазады Egemen.kz.

Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаевтың мәліметінше, 1 қазаннан бері тұрғын үй секторында 100-ден астам өрт тіркеліп, 17 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алған.

«Жыл басынан бері 8 мың өрт тіркеліп, 213 адам көз жұмса, 213 адам жарақат алған», деді спикер ОКҚ алаңында.