• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қазан, 2024

Қазақстан мен Қырғызстан жүргізушілері жаппай төбелесті

360 рет
көрсетілді

Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу бекетінде Қазақстан мен Қырғызстаннан келген жүк көліктерінің жүргізушілері арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мой город» басылымының мәліметінше, 1 қазанға қараған түні жүргізушілер өткізу пунктінде жанжал шығарған. Қақтығысқа кейбір жүргізушілердің шекарадан өту кезінде кезекті сақтамауы себеп болған. Бұл ақпаратты БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

- 30 қыркүйекте Самара-Шымкент тасжолында кезек сақталмауына байланысты жүк көліктерінің жүргізушілері арасында болған жанжалға қатысты тергеу басталды, - делінген облыстық ПД мәлімдемесінде.

Қазір іс «Бұзақылық» бабы бойынша қаралып жатыр.