• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм 30 Қыркүйек, 2024

Қазақстан азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады

180 рет
көрсетілді

ҚР Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының шеңберінде өткен кездесулер барысында бірнеше құжатқа қол қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған ведомство ақпаратында: «Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды», делінген.

Айта кетсек, Сьерра-Леоне – батыс Африканың Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Бас шаһары – Фритаун қаласы, ал ресми тілі – ағылшын.