• RUB:
    6.37
  • USD:
    507.07
  • EUR:
    572.53
Басты сайтқа өту
Туризм 31 Тамыз, 2024

Іле Алатау тауларында адасып кеткен үш жігіт аман-есен табылды

141 рет
көрсетілді

Іле Алатау тауларында құтқарушылар үш жігітті құтқарды. Бұл туралы Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабарлайды.

Алматы облысында 1998, 2001 және 2004 жылы туған үш жігіт тауға шығып, қараңғыда "Лесной" асуынан төмен түскен кезде адасып кеткен. Олар құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болған.

- ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таулы жерлермен екі сағатта жоғалғандарға жетіп, жігіттерді төмен қарай, туыстары күтіп тұрған жерге түсірді. Оларға медициналық көмек қажет болмады, делінген хабарламада.