• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Тамыз, 2024

Қостанайда көлік жүргізушісі мопедті қағып кетті

95 рет
көрсетілді

20 тамыз күні сағат 10:20 шамасында Exeed көлігінің жүргізушісі Абай көшесі, 1 үйінің ауласынан шығып бара жатқан скутермен соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қостанай облысы жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан мопедтің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Полицейлер жол ережесін сақтап, жолда абай болуға шақырады.