• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Шілде, 2024

Астаналық азамат 14-қабаттан секіріп, әйелін қорқытқысы келген

176 рет
көрсетілді

Астанада 14-қабаттан секірмек болған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот отырысы барысында азамат кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдірді.

Ол сондай-ақ мас болғанын және жұбайын қорқытқысы келгенін айтқан.

- Азамат мас күйінде 14 қабаттың терезінде ілулі тұрған. Балағат сөздер айтқан. Сот қаулысымен азамат 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.