• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Мамыр, 2024

Елге темекі өнімдерін заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды

39 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі республикаға ірі көлемдегі контрабандалық темекі өткізудің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

2024 жылғы мамырда ҰҚК Шекара қызметі «Сырым» (Батыс Қазақстан облысы), «Сыпатай батыр» және «Қарасу» (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пункттерінде жалпы сомасы 200 млн теңгеден асатын декларацияланбаған 380 мыңнан астам қорап темекі тасымалдау қызметін тоқтатты.

«Темекі өнімдері көлік құралдарының арнайы жабдықталған жасырын орнынан табылды. Одан әрі қаралуы үшін алынған жүк аталған облыстардың экономикалық тергеу департаменттеріне берілді», деп хабарлады ведомстводан.