• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Мамыр, 2024

ЕАДБ Қазақстандағы су тасқыны зардаптарын жоюға 1 млн доллар бөлді

106 рет
көрсетілді

Елдегі су тасқынының зардаптарына байланысты Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Қазақстанның бірқатар өңіріндегі табиғи апаттың салдарын жоюға қаржылай көмек жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандағы жағдайдың маңыздылығын түсіне отырып, біз су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қолдау көрсету үшін 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек жібердік», деді ЕАДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов.

Сонымен қатар ЕАДБ жыл сайынғы жиналыс пен бизнес-форумды 2024 жылы имидждік шараларды қоспағанда, қысқартылған форматта өткізу туралы шешім қабылдады.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті