• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Тағайындау 16 Мамыр, 2024

Қостанай облысы Қарасу ауданының әкімі тағайындалды

68 рет
көрсетілді

Қостанай облысы әкімінің өкімімен Қайрат Оспанов Қарасу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Alau TV» арнасына сілтеме жасап.

Қайрат Оспанов 1978 жылы Қостанай облысының Таранов ауданында дүниеге келген. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, қаржы бакалавры, сонымен қатар Халықаралық бизнес университетін «іскерлік басқару» (магистр) мамандығы бойынша бітірген.

1998 жылы Таранов ауданындағы Қайранкөл кәсіпорнында заңгер-кеңесші болып жұмыс істей бастады. 1999 жылдың желтоқсан айынан 2003 жылдың наурыз айына дейін Таранов ауданы мен Қостанай қаласының әртүрлі кәсіпорындарында заңгер-кеңесші қызметін атқарды. Кейін Қостанай облыстық адвокаттар алқасында адвокат болып жұмыс істеді.

2013-2016 жылдар аралығында Қайрат Оспанов Қостанай облысы әкімі аппаратында мемлекеттік заң бөлімінің меңгерушісі болды. 2016-2020 жылдары «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, «ЗангерКонсалтинг» ЖШС және «Тобыл» ӘКК-де басшылық қызметтерді атқарған. 2020 жылғы тамыздан 2022 жылғы ақпанға дейін Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қостанай облысы бойынша жер ресурстарын басқару басқармасының басшысы қызметін атқарған.