• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Жұмыс 10 Мамыр, 2024

Елімізде еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер тізбесі толықтырылады

51 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атплған тізбеге тау-кен өндірісін тасымалдаумен айналысатын автомобиль жүргізушісі мамандығы қосылды.

Бұл тізімге тау-кен жұмыстарында жұмыс уақытының кемінде 80% -да жұмыс істейтін басқа мамандар да кіреді:

тау балауызы өндiрiсiнiң аппаратшысы; бункершi; шпурларды бұрғылаушы; аспалы-әуе жолдарының вагонетшiсi; вагонетшi; жарушы; тау-кен массасын тасымалдаумен айналысатын автомобиль жүргізушісі; тау-кен массасын тиейтiн тиегiш жүргiзушiсi үйiндiлердегi түсiрушi; гидромониторшы; тау-кен жұмысшысы; гүрсілдетушi; жоғарыда санамаланған қазбалар мен жыныстарды тиеумен, түсiрумен айналысатын жүк тиеуші; жеткізушi; қашау майлаушы; шахтаға бекіту материалдарын жеткізушi және басқалары.

Құжат 23 мамырға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.