• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Мамыр, 2024

Шымкентте шала туған сәбиін тастап кеткен ана ұсталды

1050 рет
көрсетілді

Күні кеше Шымкентте орналасқан № 2 Түркістан облыстық перинаталды орталығы маңында шала туған нәрестенің табылғанын хабарлаған едік. Құзырлы органдар нәрестені қорапқа салып тастап кеткен ананы тапты, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Шымкент полициясы 20-21 апталық нәрестені тастап кеткен ананы тапты. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

«Аталған факті бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген полиция берген түсініктемеде.

Еске салайық, 7 мамыр күні Шымкентте орналасқан перзентхана маңына шетінеген  сәбидің денесі табылған еді.