• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Мамыр, 2024

Атырау облысында екі ауылды жалғайтын жол жырылды

883 рет
көрсетілді

Махамбет ауданында екі ауылдың арасындағы жол жырылып, қатынас уақытша тоқтады. Бұған Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілгені себеп болып отыр.

 

Атырау облысы жедел штабының мәліметіне сүйенсек, Махамбет және Сарытоғай ауылы аралығын жалғайтын жол жырылған.

«Махамбет аудандық төтенше жағдай жөніндегі штабтың шешімімен су деңгейін азайту мақсатында Махамбет пен Сарытоғай ауылы ортасындағы жол жырылып, қатынасты уақытша тоқтатуға шешім қабылданды. Арнайы техникалардың көмегімен ауыларалық жол бұзылып, ұзындығы 11 метр, ені 1,5 метрлік 2 дана құбыр тұрбасын салу жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты, жол қатынасы уақытша тоқтатылып, ауыл тұрғындарына жағдай толықтай түсіндірілді», деп хабарлады Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Әкімнің мәліметінше, екі ауылдың арасындағы жолдың ұзындығы – 5 шақырым. Махамбет және Сарытоғай ауылдарында 12 924 адам тұрады.