• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2024

Атырауда әскери бөлімнен қару алып шыққан сарбаз қамауға алынды

733 рет
көрсетілді

Атырауда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан. Ол ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұсталған сарбаз уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы әскери бөлімнен қару алып шыққан мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.