• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Мамыр, 2024

Ең жас автошабандоз жол апатынан көз жұмды

277 рет
көрсетілді

Қазақстанның ең жас автошабандозы Анатолий Кин жол апаты салдарынан көз жұмды. Ол небәрі 16 жаста болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаралы хабарды STK Sokol автодромының өкілдері хабарлады.

«Толик Киннен айырылып қалдық. Павлодар бағытындағы тас жолда болған апат салдарынан біздің чемпионаттың ең жас әрі сөзсіз ең талантты автошабандозы қаза тапты. Толя, біз сені мақтан тұтамыз, сен біздің жадымызда 16 жасар автошабандоз болып мәңгіге қала бересің», делінген хабарламада.