• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Университет 06 Мамыр, 2024

Aбай университетінде ашық есік күні өтті

91 рет
көрсетілді

Еліміздегі жетекші педагогикалық жоғары оқу орны – Абай университетінде ашық есік күні өтті. Іс-шараға Алматыдан және еліміздің басқа да өңірлерінен келген талапкерлер мен ата-аналар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болашақ студенттер университеттің білім беру бағдарламаларымен, инфрақұрылымымен және педагогикалық білім беруге қатысты, сондай-ақ бакалавриат, магистратура және докторантураға арналған білім беру бағдарламалары және университет студенттерінің кәсіби қабілетін шыңдауға байланысты мазмұнды ақпараттармен танысты.

Ашық есік күні болашақ студенттерге университеттің академиялық және мансаптық мақсаттарына қаншалықты сәйкес келетінін түсінуге қолайлы жағдай жасалды. Әлемдік стандарттарға сай мамандар даярлауға бағытталған 180-нен астам білім беру бағдарламалары, сонымен қатар қос диплом және академиялық ұтқырлық бағдарламалары білім берудің әр кезеңінде білім алушылардың кәсіби білімін шыңдап, олардың мансап жолындағы қажетті дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Халықаралық стандарттар мен еңбек нарығының талаптарына жауап беретін жаңа формациядағы педагогикалық кадрларды даярлайтын университет еліміздің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыстарын белсенді іске асырып келеді.

Университет өкілдері талапкерлер мен олардың ата-аналарының сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беріп, білім беру бағдарламалары туралы маңызды ақпараттарын бөлісті.

 

АЛМАТЫ