• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2024

Алматы облысы Кеген ауданында жер сілкінісі сезілді

160 рет
көрсетілді

Бүгін, 6 мамыр Алматы облысы Кеген ауданында 2 балдық жер сілкінісі сезілді, деп жазады Egemen.kz.

Сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін сағат 9:12 шамасында тіркеді. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында анықталды.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2. Магнитудасы MPV 5.7. Жер сілкінісінің координаталары – 42..73° солтүстік. 79,21° шығыс. Тереңдігі - 10 км», делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.