• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Мамыр, 2024

Қазақстан спортшылары әртістік жүзуден әлем кубогының жеңімпазы атанды

238 рет
көрсетілді

Парижде өткен әртістік жүзуден әлем кубогында аралас командалар арасындағы жарыста Қазақстан спортшылары Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Olympic.kz хабарлауынша, спортшылар 216,3250 ұпай жинады.

Екінші орынға 207,5367 ұпаймен Италия жайғасты. Испания құрамасы үшінші нәтиже көрсетті – 198,8417.

Айта кетейік, Эдуард пен Наргиза Бейжіңде (Қытай) өткен жарыста күміс медаль жеңіп алған еді.