• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Білім 04 Мамыр, 2024

Ел мектептерінде қанша кітап қоры бар?

57 рет
көрсетілді

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларын жаңғырту және оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мектеп кітапханаларындағы кітап қоры 137 000 000 дананы құрайды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша мектеп кітапханаларының кітап қоры тағы 4 879 781 данаға толығып, кітап саны рекордтық 137 миллионға жеткен еді.

«Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана оқушыларға оқуға ұсынылған 1770 шығарманың тізімін жасады. Оның ішінде басым үлеспен 76%-ы отандық, ал 24%-ы әлемдік әдебиеттен тұрады», делінген министрлік хабарламасында.