• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Елорда 04 Мамыр, 2024

Астананың тағы 7 көшесінде автобус жолағы пайда болады

104 рет
көрсетілді

Себебі City Transportation Systems компаниясы Астанадағы 7 көшеде автобус жолағын енгізеді. Бұл туралы компания хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа автобус жолағының ұзындығы - 58,6 км болмақ.

Алдағы уақытта арнайы жолақтар Мәңгілік ел, Тұран, Тәуелсіздік, Ұлы Дала, Р.Қошқарбаев даңғылы мен Керей Жәнібек хандар, Ш.Айтматов көшелерінде пайда болады.Жолақтарды бөлу мерзімі мамыр айының соңында жарияланады.«Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады. Мәселен, 18 минуттан 12 минутқа дейін. Сондай-ақ автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді», делінген City Transportation Systems компаниясының хабарламасында.Айта кетейік, Bus Lane жобасы алғаш рет Астанада 2015 жылы 26 шілдеде екі учаскеде пилоттық режимде енгізілді: Момышұлы даңғ. Абылай хан даңғ. Сарайшық к. дейін және Бөгенбай батыр даңғ. Уәлиханов к. Сарыарқа даңғ. дейінгі аралықта.Қазір қалада автобустарға арналған жолақ 27 жол бөлігінде енгізілген. Оның ұзындығы - 100,5 км.