• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қаржы 04 Мамыр, 2024

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бюджетіне тексеріс жүргізіліп жатыр

144 рет
көрсетілді

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Дәлірек айтсақ, аталған оқу ордаларының 2019-2023 жылдардағы бюджетінің тиімділігі, республика бойынша орта білім беру жүйесін дамытуға тигізген әсері талданып жатыр.

«Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Қазақстандағы төрт облыстың бюджеті, сондай-ақ ӘМСҚ, салық және кеден жүйелерінің тиімділігін тексерді. Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізіп жатыр. Атап айтқанда аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданады», деп хабарлады бүгін, 4 мамыр күні палатаның баспасөз қызметі.

Аудиторлық тексерудің қорытындысы мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылады.