• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Есірткі 04 Мамыр, 2024

Таразда есірткі сатушылар ұсталды

73 рет
көрсетілді

Ұсталған тұрғындардан «мефедрон» есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Полиция департаменті синтетикалық есірткі сатушылардың қызметін тоқтатты. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Ұзақ уақыт бойы жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралар кешенінің нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 күдікті – Тараз қаласының 34 және 32 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олар синтетикалық есірткіні облыс орталығы аумағында таратқан. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің бірінің үйіндегі жатын бөлмесінен жалпы салмағы 122,37 гр мефедрон синтетикалық заты жасырылған орын табылды. Нәтижесінде 330-дан астам доза есірткінің таралуына жол берілмеді, оның қара нарықтағы құны - 5,5 миллион теңге», деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.