• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Мамыр, 2024

Қырғызстанда жүк көлігі 29 баланы қағып кетті, 3-еуі ауыр халде

324 рет
көрсетілді

Қырғызстанның Созақ ауданында балмұздақ тиеген шағын жүк көлігі бір топ баланы қағып кетті деп хабарлайды, Egemen.kz.

Оқыс оқиға туралы Kabar.kg. ақпараттық агенттігі жазды. Полицияның мәліметінше оқушылар республикалық байқау аясында “Манас” эпосын орындап, сайысқа түсуі керек болған. Дәл осы кезде HYUNDAI Porter шағын жүк көлігі белгісіз себептермен төменге қарай құлдилап, киіз үйге соғылған.

Зардап шеккендер - 9 бен 16 жас арасындағы жасөспірімдер. Олардың жетеуі аудандық ауруханаға жатқызылған. Үшеуінің жағдайы ауыр. Тағы үш бала Созақ аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Сегізі орталық ауруханаға жатқызылған. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Ал 11 балаға апат орнында медициналық көмек көрсетіліп, кейін олар амбулаториялық емге жіберілді.