• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Мамыр, 2024

Қайрат Боранбаевтың бұрынғы қонақ үйі шамамен 4 млрд теңгеге сатылды

66 рет
көрсетілді

Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген Comfort Hotel Astana қонақүй кешені бойынша аукцион өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған қонақ үй кешенін Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы аукционға қойған.

Нысанды сатудың бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге сомасында, кепілдік жарна – 587 914 758 теңге сомасында көрсетілген еді. Тендер шарты бойынша, тіпті бір қатысушыға да сатылымға рұқсат етілген. Нәтижесінде қонақ үй кешені 3 920 000 000 теңгеге сатылып, сауда-саттық өтті деп танылды.

Естеріңізге салайық, 2023 жылдың қазан айында Қайрат Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне құны 1,4 млрд теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін мемлекет кірісіне өз еркімен беру туралы өтініш берген еді. Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын аталған қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгені құрайды.