• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Сәуір, 2024

Қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогі: Әскерилер 2 алтын, 1 қола еншіледі

81 рет
көрсетілді

Ресейдің бас қаласы Мәскеуде қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогі аяқталды. Оған 27 елдін спортшылары қатысты. ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшілері 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Жекпе-жекте» 20850 бөлімінің әскери қызметшілері сержант Жандос Мадихиянов (57 келі) және аға сержант Арнат Нәметов (62 келі) чемпион атанып, алтын медаль олжалады.

«Өзін-өзі қорғауда» 32039 бөлімінің әскери қызметшісі майор Нұрдәулет Ержігітов (90 келі) қола жүлдегер атанды.

Қазақстан құрамасы сапында Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері де өнер көрсетті.