• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Футбол 29 Сәуір, 2024

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

70 рет
көрсетілді

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«44 жастағы маман өз еркімен жұмыстан шықты. Кирилл Сергеевич «Қайрат» ФК жүйесінде жұмысын жалғастыра береді», делінген аталған футбол клубының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кекер негізгі команданы 2022 жылдың маусымынан бастап басқарды. Оның жетекшілігімен «сары-қаралар» 60 матч өткізіп, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түсіп, 16 рет қарсыластарына есе жіберген. Осы кезеңде «Қайрат» ФК Академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады.

Айта кетейік, 4 мамырда өтетін матчқа команданы Рафаэль Уразбахтин дайындайды.