• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
Туризм 29 Сәуір, 2024

Сианьнан Алматыға туристік пойыз қатынайды

75 рет
көрсетілді

ҚТЖ «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері мен Сиань қаласының (ҚХР) үкіметінің делегациясы Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын шығаруды ұйымдастыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туристік пойыз Үрімші – Алматы-2 бағытындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша «Қорғас-Алтынкөл» шекара өткелінен өтеді.

«Пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн болады. Осы уақыт ішінде Қазақстан тарапы жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдеседі», деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.