• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Есірткі 26 Сәуір, 2024

Алматы облысында тағы бір есірткі зертханасы жойылды

56 рет
көрсетілді

Алматы облысында жасырын есірткі зертханасы анықталды. Тәртіп сақшылары зертхана ұқйымдастырушысын тауып, заңсыз әрекеттің жолы кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

ҰҚК ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылғы 17 сәуірде ведомствоның Алматы облысы бойынша департаменті есірткі заттарын өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.

«Тінту барысында шамамен 35 кг синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар және зертханалық жабдық алынды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», делінген ведомства ақпаратында.

Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Өзге ақпарат жариялануға жатпайды.