• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2024

Атырауда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

1929 рет
көрсетілді

Атырауда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Жол апатынан бір адам зардап шекті, ол облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін сағат 10:15-те Құрманғазы көшесі мен Сұлтан Бейбарыс даңғылының қиылысында Daewoo Bus және Hyundai Accent көліктері соқтығысты.

№22 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы ауруханаға жеткізілді.