• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қылмыс 25 Сәуір, 2024

Индербор кентіндегі пәтер өртіне қатысы бар күдікті ұсталды

135 рет
көрсетілді

Атырау полицейлері өртке қатысы бар күдіктіні ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Индербор кентіндегі пәтер өртіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.  

«Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер өртіне байланысты жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Пәтер өртіне қатысы бар күдікті ұсталды. 31 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.