• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Технология 25 Сәуір, 2024

Семейлік өнертапқыш денсаулыққа пайдалы құрылғы жасап шығарды

45 рет
көрсетілді

QEFO өнімінің басты ерекшелігі – QR коды, оны кез-келген смартфонның камерасы оңай сканерлеп, пайдаланушыға оның иесі туралы ақпарат береді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Абай облысының әкімдігі ұсынған ақпаратқа қарағанда, медициналық идентификатордың арқасында дәрігерлер науқас туралы қажетті ақпаратты бірнеше секундта біле алады. Жас өнертапқыш Нұрлыхан Маратов бұл құрылғы егде жастағылар, спортшылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пайдалы деп санайды. Мектеп оқушысының айтуынша, ID құрылғы ағзаға зиянсыз, өйткені ол гипоаллергенді силикон мен нейлоннан жасалған.