• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Табиғат 24 Сәуір, 2024

«Қазақстан - қызғалдақтар отаны» атты іс-шара өтті

95 рет
көрсетілді

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не қарасты Боралдай филиалында «Қазақстан-қызғалдақтар отаны» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған табиғи парктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданына келуші туристер мен мектеп оқушыларына табиғатты қорғау туралы үн-парақтар таратылған.

 

Экологиялық мәдениетті дамыту және құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында өткізілген іс-шараға 150 адам қатысып, 250 үн парақ таратылған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабында қызғалдақтарды заңсыз жұлғаны үшін, айыппұл немесе қоғамдық түзету жұмыстарына тарту қарастырылғанын айта кету керек.