• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Сәуір, 2024

Қазақстанда кітап бағасы қымбаттады

87 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда кітап бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға қымбаттағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

2023 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында баспа компаниялары көрсеткен қызметтердің көлемі 70,2 млрд теңгені құрады. Былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 0,8%-ға өсті. Аталған соманың 23,5 млрд теңгесі – газет шығару, 16,7 млрд теңге – кітап шығару, 9,7 млрд теңге баспа қызметінің өзге түрлері есебінен түскен.