• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Бокс 24 Сәуір, 2024

Азия чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды

72 рет
көрсетілді

IBA халықаралық бокс федерациясы 27 сәуір - 7 мамыр аралығында  жастар мен 22 жасқа дейінгі  спортшылар  арасында Азия чемпионатын Астана қаласында өткізу шешімін қабылдаған еді. Осы сында ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлерінің аты-жөні белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Бокс федерациясы Азия чемпионатына Қазақстан U22 құрамасын жасақтады.

Халықаралық бәсекеде бақ сынайтын боксшылар:

48 келі. Ернар Қарап 51 келі. Кенже Мұратұлы 54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек 57 келі. Ерболат Сабыр 60 келі. Руслан Күзеубаев 63,5 келі. Ерасыл Танкай 67 келі. Елнұр Сүйінбай 71 келі. Сабыржан Аққалықов 75 келі. Диас Молжігітов 80 келі. Ерасыл Жакпеков 86 келі. Темірлан Мұқатаев 92 келі. Бекнұр Батырбек +92 келі. Аманат Сабырғали

 

Боксшылардың бәсекесі 27 сәуір-7 мамыр аралығында, сағат 12:00-де басталады. 

Азия чемпионаты «Beeline Arena» спорт кешенінде өтеді.