• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Сәуір, 2024

Ақтауда ауладағы көліктің үстіне мініп секірген тұрғын ұсталды

140 рет
көрсетілді

Ақтау қаласындағы ықшамаудандардың бірінде ішімдік ішкен тұрғын өзгенің көлігін күшпен тепкілеген. Куәгерлер оның әрекетін видеоға түсіріп алған. Қалалық Полиция басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Желіде тараған видео кадрларында ер адамның ойын алаңында алкогольдік ішімдік ішіп, кейін жақын жерде тұрған көлікке секіріп, оны күшпен теуіп, зат лақтырып, кейін қашып кеткенін байқауға болады.

Lada.kz сайтының жазуынша, өрескел әрекет 23 сәуір күні сағат 07:00-де жасалған. Ер адамның жеке басы да анықталды.

«Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны анықтады, оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі (Тыныштықты бұзу) бойынша хаттама толтырылды», делінген департамент хабарламасында.