• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2024

Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді

65 рет
көрсетілді

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі қазіргі жағдайды баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі - 597 см., су 10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу - 374 см.

Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі - 715 см., тәулігіне + 5 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу - 398 см.

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі - 422 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі +4 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу - 231 см.

Мамандардың айтуынша, су деңгейі әлі де көтеріледі.

«24 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3/с құрайды», делінген хабарламада.