• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 24 Сәуір, 2024

Бүгін найзағай ойнап, бұршақ жауады - синоптиктер болжамы

76 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер әсер етеді. Елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік- батыста, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады.

Тек еліміздің солтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Орталықта, Қызылорда облысының шығысында және Қызылорда, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.